Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды

Жақсы жаңалық!!!

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы төмендегіні хабарлайды:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2020 жылдың 25-31 желтоқсан күндері аралығында «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» базасында статистикалық есеп жүргізу және бюджет қаражатының болжамын анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары үшін азық құнын субсидиялау бағыты және ІҚМ, қой аналықтарымен асыл тұқымдық-селекциялық жұмыстар жүргізу (СПР) бойынша 2020 жылы субсидиялауға уақытылы өтінім бере алмаған шаруашылықтар үшін өтінімдерді жинақтау функциясы іске қосылды.

Осы арқылы ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағытына және МІҚ аналығының, қой малы аналығының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын субсидиялау бағыттары (тауарлы және асыл тұқымды МІҚ, қой малының аналықтары бойынша) бойынша субсидиялауға уақытылы өтінім бере алмаған шаруашылықтар өтінімдерін тапсыра алады.

Сонымен қатар қабылданған өтінімдер ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №108 бұйрығына өзгеріс енгізілгеннен кейін, Ақтөбе облысның әкімдігінің қаулысына сәйкес қанағаттандырылатындығын хабарлайды.

Осыған байланысты облысқа қарасты барлық 2020 жылы субсидиялауға уақытылы өтінім бере алмаған шаруашылықтар мен тауарөндірушілер (жеке және заңды тұлғалар) жеке кабинеттерінен жоғарыда аталған бағыттар бойынша өтінімдерін үстіміздегі жылдың 25-31 желтоқсан аралықтарында тапсыра алатындығын жеткіземіз.