Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 11- желтоқсан күні басқарма басшысы Сарсембай Құсайын Іскендірұлы Алға, Мұғалжар аудандарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен және ветеринария мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мал шаруашылығын субсидиялау, әсіресе соңғы кезде шаруалар тарапынан көтеріліп жүрген жем шөп үшін берілетін субсидия мәселесі талқыланып толық түсінік, нақты жауап берілді. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне статистикалық әдістеме бойынша мал басына инвентаризация жүргізу туралы, мал дәрігерлеріне мал басын бірдейлендіруді сапалы жүргізу туралы тапсырмалар берілді