Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні
Оңдасын Оразалин: Ауыл шаруашылық саласы экономиканың ғана емес, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың да айнасы.
Сенбі, 21 қараша күні Ақтөбеде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы, аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімдерінің басшылары, ардагерлер қатысты. Оңдасын Оразалин өңірдегі ауыл шаруашылық саласына елеулі үлес қосып отырған азаматтарға алғыс білдірді
“ Ауыл шаруашылық саласы экономиканың ғана емес, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың да айнасы. Қатерлі індет уақытында да, өзге салалар белгілі бір қиындықтарға тап болғанда, сыр берместен ауыл тұрғындарының еңбегін жандандырып,, берекесін кіргізген бірден-бір сала осы болды. Соның ішінде біздің өңіріміздің осы саладағы әлеуеті сынақтан сүрінбей өтті десек, артық айтқандық емес. Қажетті азық-түлік тауарларымен тек өңір тұрғындарын ғана емес, айналамыздағы көршілерді де толық қамтамасыз етуге мүмкіншілігіміз бар екендігін анықтадық. 277 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығының өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті. Мал бас саны 6%-ға,асыл тұқымды малдың үлесі 2,3%-ға, ет тірілей салмақта 5 %-ға, сүт 2,8 %-ға артты”,- деді аймақ басшысы.
Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин 2020 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауыл шаруашылыққа тартылған инвестиция көлемі 14%-ға артып, 19,1 млрд.теңгені құраған. Еңбек өнімділігі 109,7% немесе 1 481,3 мың теңге.
Егін жинау науқаны жақсы нәтижеге қол жеткізіп, облыс бойынша 447,8 мың гектар дәнді дақылдардың алқабынан 11,5 ц/га орташа өнімділікпен 513,8 мың тн өнім жиналды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 33%-ға артық.
Ауыл шаруашылығы саласына 20,3 млрд.теңге бөлініп,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді.Мал шаруашылығына 10,3 млрд.теңге қаражат қарастырылды. Оның ішінде, республикада алғаш болып облысымыз жергілікті бюджеттен мал шаруашылығына 3,4 млрд.теңге қаражат бөлініп, шаруалардың мал азығына деген қажеттіліктері толық қамтылды.
Сонымен қатар шаруашылықтарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 18,2 млрд.тг. жеңілдетілген несие берілді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 3,7 млрд.теңгеге 845 жоба жүзеге асырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен облыста барлығы 38 млрд.теңгеге 110 жоба жүзеге асырылса, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 91 жоба 34,5 млрд.теңгеге қаржыландырылды.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы министрілігі атынан 18 азаматқа
«Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылы саласының үздігі» төс белгісі, «АШМ құрмет грамотасы» марапаттарын табыстады. Сондай-ақ “Жас ауыл шаруашылғы кәсіпкері”, “Ауыл шаруашылығы саласы бойынша озат аудан”, “Өсімдік және мал шаруашылығы бойынша озат кәсіпорындар”,”Озық инвестициялық жоба” т.б номинациялар бойынша облыс әкімінің атынан 55 азамат марапатталды.