
Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес өткен аптадан бері аудандарды аралап, ауылшаруашылық құрылымдарымен кездесулер өткізудеміз.
17 сәуір күні жұмыс сапарымен Хромтау ауданына бардық. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, ветеринариялық бақылау инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, жер қатынастары және жер ресурстарын басқару департаменті, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Кездесуге ауданның ірілі-ұсақты ауылшаруашылық субъектілері қатысып, өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.