
2026 жылдың 18 сәуірі күні сағат 8:00-де Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне, оның ішінде ет өнімдерін сатуға бөлінген 1 қатардың 11 орнында Байғанин, Қобда, Ойыл аудандарының және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылады.
Сонымен бірге, 18 сәуірі күні сағат 9:00-де «Алтай» базарында және Есет батыр тұрғын алабы, 1 шағын ауданында («Дина» супермаркетінің жанында) Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкелік өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15% - ға төмен болады.