Жәрмеңке!!!!!!

Жәрмеңке!!!!!!

2026 жылдың 11 сәуірінде Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері жәрмеңкеге өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелеріне жалпы 3,5 тонна ет өнімдері, 1,5 тоннадан астам сүт өнімдері қойылды.

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылып, қала тұрғындары мен қонақтарының сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік жасалды.

Аталған бағыттағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Бұл шара өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.