Көктемгі егіс жұмыстарына арналған арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша оператор анықталды

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша оператор анықталды

2026 жылғы 12 наурызда өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынын жеткізуші операторды анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Ағымдағы жылғы көктемгі егіс науқанын өткізу үшін жеңілдетілген бағамен 7,9 мың тонна дизель отыны қарастырылған.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша арзандатылған дизель отынын жеткізуші оператор болып «АЗС Лидер» ЖШС анықталды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мұнай базасынан дизель отынын жіберу бағасы 275 теңге/литр құрайды.