8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау.

8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау.

Еңбек пен жауапкершілік жолы
Мемлекеттік қызмет – қоғам алдындағы жауапкершілік пен адал еңбекті қажет ететін іс. Осы талаптарды абыроймен орындап, ұзақ жылдар бойы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі арқылы әріптестерінің құрметіне бөленген маман – Хайрова Гүлім Амангелдиевна.
1965 жылы 30 қазанда Орал облысы Тайпақ ауданы Жанама ауылында дүниеге келген Гүлім Амангелдиевна 1988 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын экономист ретінде бастап, кейін мемлекеттік қызметте әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап Хромтау ауданында қызмет атқарып, 2016–2020 жылдары аудан әкім аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімін басқарды, кейін бас инспектор болды. 2022 жылдан бері Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі үшін 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Төрт баланың, оның ішінде егіздердің анасы ретінде Гүлім Амангелдиевна отбасының берекесін сақтай отырып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарады. Үлкен ұлы Азат «Болашақ» бағдарламасымен Канада мемлекетінде «Торонто» университетінде IT мамандығы бойынша біліп алып, қазір ел үшін еңбек етуде.
Гүлім Амангелдиевнаның әріптестері оны іскерлігі, парасаттылығы мен адамгершілігі үшін құрметтейді.