Дизель отынын жеткізуші-операторды айқындау бойынша құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Дизель отынын жеткізуші-операторды айқындау бойынша құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2026 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

2026 жылғы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген дизель отыны көлемі – 7914 тонна. Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберу бағасы - 320 028 теңге/тоннасы немесе 263 теңге/литр (наурыз айына арналған баға, ҚҚС қоса алғанда).

Басқарманың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы – 40, 513-кабинет (кіреберіс Пацаев көшесі жағынан). Тел.: 8/7132/542894, эл. почта: a.dzhusibaliev@aktobe.gov.kz.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың наурыз айының 4 мен 6 аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау - 2026 жылдың 6 наурызы сағат 17-30.

2026 жылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторды айқындау бойынша комиссия отырысы ағымдағы жылдың 12 наурыз күні сағат 15:00-де облысы әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.  (комиссия отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 17-тармағына сәйкес, дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға ниет білдіруші әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:

1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

техникалық паспорттың көшірмесі;

цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы;

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.