2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынына өтінімдер беру субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ) веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады (gosagro.kz). Өтінім беру кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші байланыс деректерін (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы) міндетті түрде көрсету керек.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті дизель отыны көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдау 2025 жылдын 1 мен 30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының көлемін есептеу 1 га дизель отыны шығысының базалық нормативін ескере отырып, СМАЖ порталында автоматты түрде жүргізіледі.
Сонымен бірге, СМАЖ арқылы өтініш берген кезде нақты егін егу және егін жинау алаңын көрсету қажет екенін еске саламыз.