Хабарландыру !!!!!!!!!

Хабарландыру !!!!!!!!!

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі   № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2025 жылғы        күзгі егін егу жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

Бөлінген дизель отыны көлемі – 6167 тонна.  Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберу бағасы -    282 306  теңге/тоннасы немесе 232 тенге/литр.

Басқарманың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы – 40, 513-кабинет (Пацаев көш. кіреберіс). Тел.: 8/7132/542894, 595266, эл. почта: a.dzhusibaliev@aktobe.gov.kz.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың шілде айының 2 мен 10 аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 10 шілде сағат 17-30.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

         8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

      мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

      техникалық паспорттың көшірмесі;

      цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

       "Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы                    26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) күзгі далалық жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы;

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.

2025 жылғы күзі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны: ағымдағы жылдың 17 шілде күні, жергілікті уақытпен сағат 15.00-де, Ақтөбе облысы әкімдігі ғимараты №301 кабинет (комиссия отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).