Коммуналдық қызметтердің жұмысы штаттық режимде жалғасуда

Коммуналдық қызметтердің жұмысы штаттық режимде жалғасуда

Қала әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласы бойынша ағымдағы жағдай және көшелерді қар мен қоқыстан тазарту жұмыстарының барысы туралы айтып берді:
«Қазіргі уақытта қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері, әлеуметтік объектілер мен коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеуде. Облыс әкімі қоқыс шығару, автожолдар мен тротуарларды қар мен мұздан тазарту бойынша коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын күшейтуді тапсырды. Қазір қала аумағында тротуарларға көктайғаққа қарсы қоспа себу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жаяу жүргіншілер аймағын күтіп ұстаумен 7 мердігерлік ұйым айналысады. Олардың жұмыс аумағы 14 учаскеге бөлінген. Қазір жаяужолдарда 250 адам жұмыс істеп жатыр, бірақ барлық жұмысшылар жұмысқа шыққан жоқ. Тұрғындардан сәл шыдамдылық танытуды сұраймыз. Менің ойымша, бір-екі күн ішінде біз бұл жұмысты аяқтаймыз. Бақылауға аламыз.
Сондай-ақ автожолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша компаниялар қазір толық көлемде жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. Барлық негізгі магистральдар тазаланды. Екінші және кварталаралық көшелер бойынша проблемалар бар», - деді А.Шахаров.