Ақтөбе қаласының аумағын күзгі-қысқы кезеңдерде тазалау жұмыстарын жүзеге асыру ағымдағы жылдың қазан айынан бастап келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасады.
Қысқы тазалау бойынша барлық жұмыстар облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 3 наурыздағы шешімімен бекітілген «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары» шеңберінде іске асырылады.
Абаттандыру ережелері барлық заңды және жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бірыңғай, орындалуы міндетті нормаларды, сыртқы абаттандыру саласындағы талаптарды белгілейді, қысқы кезеңде аумақтарды, оның ішінде шекараға іргелес жатқан жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ ішкі өндірістік аумақтарды күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.
Бекітілген аумақты таза ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін ғимараттың шатырын қардан, іргелерді мұздардан, оның ішінде тротуарларды (5 метрге дейін аумақты) қолмен тазарту жұмыстарының жүргізілуіне назар аударуыңызды сұраймын. Тазарту жұмыстары тәуліктің жарық мезгілінде шатырдың көше жағына қараған беткейінен рұқсат етіледі. Шатырлардан қар шығару аула ішіндегі аумақтарға жүргізіледі. Қар шығару кезінде жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жасалады. Ғимараттардың шатырларынан түскен қар мен мұз жол жиегіне дереу жиналады және одан әрі көше тазалайтын заңды және (немесе) жеке тұлғаларға кейіннен алып кетуі үшін дайындалады.
Павильондардың, дүңгіршектердің және ұсақ бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласының басқа да объектілерінің, сондай-ақ жарнама беруші объектілерге іргелес аумақтарды (5 метрге дейін аумақты) тазалауды жүзеге асырады және қоқыс жәшіктерін орнатып таза ұстау міндеттеледі.
Біз барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қыс мезгілінде тазалауға жәрдемдесу жөніндегі барлық бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарда қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8/7132/ 41-73-17 телефонына хабарласу қажет.