
«Астана» ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Б.Талғатұлы төрағалық етті.
Жиын барысында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жол берген оқушылар, студенттер және олардың ата-аналарымен жүргізілген жұмыстар талқыланып, алдын алу шараларын күшейту мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ, Ақтөбе автожол колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспар таныстырылды. Отырыс соңында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.