
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.
Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.
Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады:
✔ Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы);
✔ Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адам