
Құрметті, «Астана» ауданы тұрғындары!
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты шешімдер қабылдау процесіне кеңінен тарту мақсатында, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша жобаларды 2026 жылдың 20 қаңтарынан бастап 1наурызына дейін қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Бағдарлама ауданның әрбір тұрғынына ауданды дамыту үшін өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде әрбір тұрғын аудан тыныс тіршілігін жақсартуға бағытталған жоба ұсына алады. Ұсыныстардың талаптарға сәйкестігі қаралғаннан кейін, жобаға аудан тұрғындары дауыс береді. Егер жоба кемінде 50 дауыстан жоғары жинаса, ол жоба әкімдік тарапынан іске асырылады.
Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыруға болатын жұмыс түрлері:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары.
9) Санитарияны қамтамасыз ету;
Аудан тұрғындарының тұрғылықты жерінің өзекті мәселелері бойынша жобаларды қабылдау «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкідмігінің www.gov.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Байланыс телефондары:
41-62-46
41-64-65
Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз!