2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 25,11 млн АҚШ долларынан астам сомаға 171 938 өтініш орындалды (уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банк шоттарына есептеу үшін аударылды).
Оның ішінде:
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.
Қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша ең көп қолданылған қосалқы мақсаттар: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (15,55 млн АҚШ долларына 104 975 өтініш), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 112,10 мың АҚШ долларына 816 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) 76,15 мың АҚШ долларына 588 өтініш орындалды.
Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (8,44 млн АҚШ долларына 57 996 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (554,86 мың АҚШ долларына 4 636 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (201,65 мың АҚШ долларына 1 567 өтініш орындалды).
Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.