Еnpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).
БЖЗҚ-ның консультациялық қызметтерін мессенджерлер (WhatsApp және Viber-тегі чат-бот +7 777 000 14 18), 1418 телефоны бойынша байланыс орталығы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтында, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, Telegramnotakki әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы алуға болады.