Қазір мемлекеттік немесе қаржылық қызметтерді алу кезінде азаматтардан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім сұралады. Сол себепті БЖЗҚ Жеке кабинетіне алғаш кірген кезде сізден бір реттік келісім алады. – БЖЗҚ деректерді зейнетақы қызметтерін көрсету үшін пайдаланады; – Мәліметтерді құпия әрі қауіпсіз түрде сақтайды; – Жеке деректер тек ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда беріледі. Келісім бере отырып: – Құжат көшірмелерін ұсынбайсыз; – Мәліметтер автоматты түрде жаңарып отырады; – Қызмет көрсету жылдам әрі ыңғайлы болады.