ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

🔹Президенттік жастар кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жасы 3️⃣5️⃣ жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4)мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген;
5) 5️⃣ жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
🔹Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
2) агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
3) сыртқы саясат және инвестициялар;
4) экономикалық және қаржылық саясат;
5) цифрландыру;
6) әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

🔔Қатысуға өтінімді
1️⃣-3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Құзыреттерді бағалау;
Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.