1 мамыр күні ақтөбеліктер Қазақстан халқының бірлігі күнін жылы әрі достық атмосферада атап өтті

1 мамыр күні ақтөбеліктер Қазақстан халқының бірлігі күнін жылы әрі достық атмосферада атап өтті

«Қазақстан халқына мың алғыс» стеласы аумағында өткен жарқын әрі көркем шара ешбір көрерменді бей-жай қалдырмады.

Биылғы Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше маңызға ие. Себебі 2025 жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы. Бұл айтулы оқиға өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірді. Күн бойы алаңда жылылық, қуаныш пен шаттықтың ерекше атмосферасы орнады.

Сахнада «Сұңқар», «Ладушки», «Язғы моңнар», «Борвинок», «Оксана», «Дэш», «Русская песня» және басқа да ансамбльдер өнер көрсетті. Олар қазақ, орыс, татар, украин, сыған тілдерінде әндер орындады. Көрермендер әр орындаушыны ыстық ықыласпен қарсы алып, бірге қосылып ән шырқады.

Алаңда этномәдени бірлестіктер дайындаған көрме ұйымдастырылды. Онда әрбір этностың ұлттық бұйымдары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылып, әр халықтың байлығы мен өзіндік болмысы көрсетілді.