«Келе жатыр құс қайтып» онлайн концерті

«Келе жатыр құс қайтып» онлайн концерті

      2020 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 16:00 – де Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, әйгілі композитор, дәулескер күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жылдығына орай @oner_ortalygy_aktobe парақшасынын тікелей эфирінде «Келе жатыр құс қайтып» атты онлайн концерт өтті. Концерттік бағдарлама барысында А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен  филармония солисттерінің орындауында «Сарыжайлау», «Жүрегім менің», «Сағындым ғой», «Өз елім», «Келе жатыр құс қайтып» әндері орындалды. Сонымен қатар «Аққу» би ансамблі әсем ән мен күмбірлі күй, ғажап қимылды адамзат болмысымен, өмір заңдылығымен байланыстыра отырып, тікелей эфирді тамашалап отырған  жұртшылықты тәнті етті.