18 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау Мөңке би Тілеуұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Дала данасы-Мөңке би» тарихи-танымдық кеш өтті.

18 сәуір күні С.Бәйішев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханада Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау Мөңке би Тілеуұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Дала данасы-Мөңке би» тарихи-танымдық кеш өтті.

Шараға ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессорЖ.Асанов,Қ.Жұбанов атындағы АӨУ,филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Мұхтаров,ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері Қ.Елеусізұлы,«Мөңке би» қайырымдылық қорының төрағасыБ.Б.Қосанов, экономика ғылымдарының кандидаты,ҚР Білім беру ісінің  Құрметті қызметкері, Еңбек ардагері С.Т.Шаңғұтов қатысып,аты алты алашқа мәлімболған ірі қоғам қайраткер, ойшыл, даланың дана философы, сәуегей болжампаз, жырау Мөңке Тілеуұлының ұлт тағдыры мен болашақ жайлы көрегендікпен айтқан терең мағыналы сөздерінебаға жетпес нақылдарына заманауи көзқараспен баға беріпоның бүгінгі күнмен үндестігін, тағылымды поэтикалық жырларын таныстырды.Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда келешек заманның кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі екенінкөрсетті.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Ақтөбе гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

 Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Тұлға тағылымыкітап көрмесіне кітапханашы   Төлегенова Әйгерім библиографиялық шолу жасап, жыршы Демеубай Жолымбетов Мөңке бидіңтолғауынан үзінді№1 Балалар музыка мектебі домбыра класының оқытушысыҚалибеков Ерболат Жангелдіұлы Мөңке бидің "Өттіңжалған-ай"күйін орындады.