«Ата заң — бейбіт, еркін өмір бастауы» ақпараттық сағаты

«Ата заң — бейбіт, еркін өмір бастауы» ақпараттық сағаты

2020 жылғы 28 тамызда облыстық мәдениет басқармасының https://www.instagram.com/aqtobe_madeniet/?hl=ru парақшасында тікелей эфирде Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл  толуына арналған «Ата заң — бейбіт, еркін өмір бастауы» ақпарат сағаты өтті.

Тікелей эфирге Ақтөбе облысының Әділет департаментінің ҚР Әділет Министрлігі Зияткерлік  Меншік құқығы бөлімінің басшысы Тимур Жұбанышұлы Убишев қатысып, Ата Заңның тарихы  және оның тараулары, бала құқығы,    жасөспірімдер    арасындағы қылмыс туралы әңгіме  өрбітіп, оқырмандарымызды Конститутция мен еліміздің заңдарын орындауға, құрметтеуге шақырып, құқықтық  мәдениет пен білімге бағыттады.