«Рухани қазына - 2024» республикалық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінен өткен ұжымдар марапатталды

«Рухани қазына - 2024» республикалық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінен өткен ұжымдар марапатталды

25 сәуір күні  мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2024»  фестивалінің өңірлік кезеңінен өткен мәдениет саласы қызметкерлері Алғыс хат пен арнайы сертификатпен марапатталды.Шараны ашып берген Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Алтынай Юнисқызы "Рухани қазына" дәстүрлі фестивалінің жеңімпаздарын құттықтап, алдағы республикалық кезеңдегі сайыста сәттілік тіледі.

Облыстық іріктеу нәтижесі бойынша республикалық кезеңге өткен жеңімпаз мәдениет үйі ұжымдары мен кітапханашы, музей қызметкерлерін атасақ:

1. «Үздік аудандық (қалалық)мәдениет үйі, мәдениет сарайы» номинациясы «Байғанин аудандық мәдениет үйі» МҚК

2. «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» номинациясы
«Темір ауданы, Шұбарши ауылдық клубы»

3. «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы
«С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

4. «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы
«Ембі қалалық кітапханасы» ММ

5. «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы
«Ойыл ауданы,Көптоғай ауылдық модельді кітапханасы» КММ

6. «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы
«Шалқар аудандық балалар кітапханасы» ММ

7. «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясы
«Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ

1. «Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясы
Нұрболат Талапұлы Ғаббасов
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі

2. «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» номинациясы
Медетова Ләззат Ерпайызқызы
Ақтөбе қалалық мәдениет үйі, «Сұңқар» халықтық ансамблінің жетекшісі

3. «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері» номинациясы
Имақов Айдарбек Сұңғатұлы
Әлия ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы

4. «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы
Бекжан Айғаным Бекжанқызы
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы

5. «Аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы
Ешова Нұрбақыт Қосаумырзақызы
Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының әдіскері

6. «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы Сағи Ақбөбек Ибадуллақызы Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы

7. «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы
Балтабаева Қарлығаш Аскержанқызы
Зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының библиографы