Астрономиялық олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты: еліміздің ғалымдары мен ғарышкер батырларының өнегелі істерін насихаттау; сондай-ақ оқушылардың астрономия, физика, космонавтика ғылымдарына деген қызығушылықтарын арттыру; халықаралық олимпиадаларға және астротурнирлерге қатысуға дайындау.
Ақтөбе облыстық планетарийі олимпиаданы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Республикалық астрономиялық олимпиадаға еліміздің 10 облыстан 60-қа жуық жас астрономдар қатысты: Астана, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Түркістан, Орал, Қостанай, Атырау, Талдықорған, Ақтау. Олимпиада барысында қатысушылар астрономия, астрофизика пәндері бойынша тапсырмаларды орындап, мектеп бағдарламасынан тыс терең білімдерін көрсетті. Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алтын, күміс, қола медальдармен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Қатысушылардың білімін кәсіби астрономдардан құралған қазылар алқасы бағалады:
Н.Н.Жантурина - Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Рhd докторы, қауымдастырылған профессоры.
А.Жумагулов, Л. Актай – В. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкерлері;
А.К.Тасқалиев – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ физика кафедрасының аға оқытушысы. Олимпиаданың қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздарын анықтап, жүлделі орындарды анықтады.
Жалпы астрономия 2009 жылдан бастап қалалық, облыстық деңгейлерде өткізіліп келіп, 2022 жылдан бастап республикалық көлемде өткізілуде.
Олимпиада қорытындысы бойынша Астана, Павлодар, Тараз, Түркістан, Атырау, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалалары жоғары нәтиже көрсетті.
Олимпиада бағдарламасы бойынша қатысушылар мен жетекшілері үшін қаламыздың көрікті жерлеріне экскурсия және жерлесіміз батыр - ғарышкер В. И. Пацаевтың, Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.