ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді. Осы мерекеге орай, 23-қазан күні «KITAP – сөз маржаны, KITAPHANASHY - ой адамы» тақырыбында кітапханашылар күні мерекесі аталып өтті.
Шараны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы ашып беріп, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Назира Сәрсенбайқызы Табылдинова, ақын Нұрдәулет Қабасов және облыстық, аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кітапхана саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін кітапханашыларды «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің ардагері», мәдениет министрлігі алғыс хаты, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Кітапхана қызметкелері Кемалова Алмагүл Сүлейменовна, Утегенова Ақбөкен Сәрсенбайқызы, Саймова Кенжегүл Абсетқызы «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен, Алатаева Гульмайрам Абубакировна облыс әкімінің Алғыс хатымен, Утешова Айзада Тулегеновна Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен және Махамбетова Даража Садуовна, Сатаева Гүлжамал Жакешқызы ҚР Мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинованың атынан марапатқа ие болды.