Ақтөбеде Марат Әйтімовтің «Дауыс» республикалық вокалистер байқауы екінші рет өтті

Ақтөбеде Марат Әйтімовтің «Дауыс» республикалық вокалистер байқауы екінші рет өтті

11-13 мамыр күндері  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті Азаматы», Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Марат Әйтімовтің «Дауыс» республикалық вокалистер байқауы өтті.                                 

Қашықтықтан тыңдау нәтижесі бойынша 21 үміткер байқау мәресіне жолдама алды. Байқауға  Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Ақмола, Ақтөбе  облыстарынан,  Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Петропавл, Жезқазған, Семей, Ақтөбе қалаларынан үміткерлер  қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІ кезеңге 13 үміткер жолдама алды. Ақтық кезеңге өтпеген үміткерлер байқауға қатысқаны үшін Дипломмен және Д. Құдайбергеннің «DEARS» жанкүйерлер клубының арнайы жүлдесімен (30 000 тг.) марапатталады. Олар:

  1. Сұлтан Әділ Сұңғатұлы (Астана қ.)
  2. Болатов Жәнібек Орынбасарұлы (Ақтөбе қ.)
  3. Абдыашимұлы Айбек (Ұлытау обл.)
  4. Абдулла Саят Қанатұлы (Ақтөбе обл.)
  5. Садыгулова Сара Талгатбековна (СҚО, Петропавл қ.)
  6. Накенқызы Жұлдыз (Астана қ.)
  7. Төлепберген Аружан Алдабергенқызы (Қызылорда обл.)
  8. Нсанбаева Жұлдыз Дүзбайқызы (Атырау обл.)

ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша:

Бас жүлде және 500 000 тг сыйақыны Аманжолова Айгерім Меңдібайқызы (Ақтөбе обл.)

І орын және 300 000 тг сыйақыны Көшкінбаев Дінмұхамед Болатұлы (Жамбыл обл.), Қадырханов Мерей Советханұлы (Өскемен қ.)

ІІ орын және 200 000 тг сыйақыны Амин Ибраһим Исламұлы (Ақтөбе қ.), Алпысбаева Аружан Талғатқызы (Алматы қ.)

ІІІ орын және 100 000 тг сыйақыны Селиванов Валерий Андреевич (Қарағанды обл.), Таубекова Динара Николайқызы (Ақтөбе қ.), Қасым Ермек Токшевич (Ақмола обл.), Орысбай Диас Серікұлы (Ақтөбе обл.),

Дипломант  атағы және 50 000 тг сыйақыны Абілхайырова Нұржайнар (Ақтөбе обл,), Тапиев Нұрқанат Әліпұлы (Түркістан обл.), Кабитова Ақнұр Шалқарқызы (Семей қ.), Сейілхан Аманбол (Павлодар обл.) иеленді.