“Текемет” креатив платформасының “Qadam bas” концерт-спектаклі

“Текемет” креатив платформасының “Qadam bas” концерт-спектаклі

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр жанынан құрылған “Текемет” креатив платформасының “Qadam bas” концерт-спектаклінің премьерасы өтті.

“Текемет” платформасы Т.Ахтанов атындағы драма театр жанынан құрылған жас актерлардың еркін тәжірибе алмасу алаңы. Өткен жылы тұсауын кескен жобаның форматында шектеу жоқ. Бұл музыка мен сахналық қойылымдар арқылы көрерменге ой салу мақсатында құрылған жастардың тәжірилік өнер кеңістігі.

“Qadam bas” концерт-спектаклінің концепциясы жастардың мәдени ой-сана өрісін өсіруге бағытталған.

Концерттің музыкалық сүймелдеушісі “Виа Ақтобе” вокалды ансамблі, саунд-продюсері Серік Закария, жоба авторы - композитор, актер, әнші Рахат Төрежан мен драма театр актерлерінің басын қосқан ортақ шығармашылық тандемнің сәтті шыққанын да айту керек.

Жаңа жас жобаның қадамы құтты болсын!