Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдеби байқауын жариялайды!

Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Әдебиет. Рух.  Қоғам» республикалық әдеби байқауын жариялайды!

«Әдебиет.Рух. Қоғам» республикалық әдеби байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: "Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық" деп атап өткен болатын. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі әдебиет пен өнерді қолдау, таланттарды анықтау мақсатында поэзия, проза, драматургия, көркем аударма, сатира, балладалар мен дастандар және балалар әдебиеті бағыттары бойынша республикалық әдеби байқау жариялайды.

Осы ЕРЕЖЕ Ақтөбе облысы әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, жүзеге асырылады.

 

Әдеби байқаудың құрылтайшысы:

 

-Ақтөбе облысының әкімдігі;

-Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

 

Әдеби байқаудың ұйымдастырушысы:

 

-Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығы;

-С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;

-Қазақстан Жазушылар одағы.

 

Қазылар алқасы:

 

Қазақстан Жазушылар одағы мен Жазушылар одағы Ақтөбе филиалы бірлесе отырып жасақтайды.

 

 

Әдеби байқаудың мақсаты мен міндеті:

 

Мақсаты- әрбір сөздері ұранға айналып, қазақ әдебиетінде көрнекті із қалдырған, айтулы тұлғаларымыздың атын ұлықтау, насихаттау; Қазақ әдебиетінде әр түрлі жанрлар мен бағыттарда жазылған шығармалар қатарын толықтыру;

Міндеті - ел мәдениетіне, казақ әдебиетіне үлес қосып жүрген танымал тұлғаларымыздың шығармаларын жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу.

 

Әдеби байқаудың шарттары мен марапаттау уақыты:

 

  1. Республикалық әдеби байқауға жас шамасына қарамастан поэзия, проза, драматургия, әдеби көркем аударма және балладалар мен дастандар жанрында жазылған үздік шығармалардың авторлары қатыса алады.
  2. Байқауға 1 номинация бойынша бірнеше үміткер қатысып, ішінен бір жеңімпаз анықталады.
  3. Байқауға автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары ғана ұсынылады. Әдебиет саласының мамандарынан құрылған әділқазы мүшелері байқауға түскен шығармаларды талқылап, сараптап, жеңімпаздарды анықтайды.
  4. Әділқазы мүшелерінің үштен екі дауысын жинаған шығарма ғана үздік деп қабылданады. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға ұйымдастыру өкілдері телефон соғып, марапаттау шарасына шақырады.

 

Байқаудың өткізілу мерзімі:

 

  1. Байқауға қатысу үшін өтінім 2023 жылдың 31 шілдеге  дейін  ruh.kogam@mail.ru электрондық поштаға жіберілуі тиіс.
  2. Байқау жеңімпаздары секретариат мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін анықталады.
  3. Жеңімпаздардың жол ақысы, орналасуы мен тамақтануы өз есебінен төленеді.

 

Әдеби байқау жеңімпаздарына төмендегі номинациялар бойынша жүлделер беріледі:

Поэзия номинациясы бойынша Сағи Жиенбаев атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. «Тал бесігім – туған жер» тақырыптық өлең топтамалары;
  2. Шығармалар көлемі 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
  3. Лирикалық түйіндері мықты, шешімдері өзгеше өрнектермен өрілген өлең жолдары;
  4. Адамзаттық үлкен мақсаттар мен мұраттарды сюжеттік толғаныстармен шебер суреттеген шығармалар.

Поэзия номинациясы бойынша Төлеген Айбергенов атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. «Жас толқын» лирикалық жырлар топтамасы ұсынылады:
  2. Жасы 30-ға дейінгі жастар қатысады;
  3. Жас дәуреннің жалынды жырлары;
  4. Елге, отанға сүйіспеншілік.
  5. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Проза номинациясы бойынша Тобық Жармағанбетов атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Мифалогиялық бағыттағы әңгіме немесе повесть ұсынылады;
  2. Стереотиптік таным, дәстүр, наным, сенім, ұлттық үрдістер бейнесін айшықтайтын;
  3. Әңгіме, повесть желісі мазмұнды, тартымды, ұтымды болуы шарт;
  4. Автордың Бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Драматургия номинациясы бойынша Тахауи Ахтанов атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Қазақ драматургиясының дамуына үлес қосатын драмалық шығармалар ұсынылады.
  2. Ұлттық рухқа тәрбиелейтін бағыттағы бүгінгі қоғамдағы

келеңсіз жайларды, айтулы оқиғаларды драматургиялық шығармасына арқау еткен;

  1. Елдің бірлігі, ынтымағы, ұлттық рухани серпілісін оятуды мақсат еткен пьесалар;
  2. Тартымды оқиғалары мен қызықтырар кейіпкерлері ел

жадында сақталып, көрерменнің ой түзеуіне септігін тигізетін;

  1. Автордың Бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Сатира жанры номинациясы бойынша Үмбетбай Уайдин атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Тапқыр теңеулерімен, әсерлі сөздерімен қоғамның ащы шындығын жеткізе білген сатиралық шығармалар ұсынылады.
  2. Шығарма саны -7-15 парақ аралығында болуы шарт.
  3. Юморлық шешімдері, сарказм, сатиралық түйіндері арқылы тәлім - тәрбиелік үлгі көрсете білген;
  4. Өмірде күнделікті кездесетін жайларды әжуа арқылы жеңіл тілмен, ұғынықты сөзбен жеткізген;
  5. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Көркем аударма номинациясы бойынша Қуандық Шаңғытбаев атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Автор шығармаларын ағылшын, түркі тілдеріне аударған нұсқалар ұсынылады;
  2. Шығарма 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
  3. Аударма тілінің көркемдігі, төл туындының мазмұнының толық берілуі;
  4. Аударылып отырған тілді де грамматика, сөздік қор және дыбыстық ерекшеліктер жағынан танып, орынды қолданған;

Балаларға арналған шығарма номинациясы бойынша Ізтай Мәмбетов атындғы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Автор балаларға арналған шығармаларын ұсынады;
  2. Шығарма 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
  3. Балалардың жас ерекшілігіне орай ұсынылған шығарманың қай жас аралығына бағытталғандығы белгіленіп, көрсетілуі тиіс (мыс: 3-5 жас, 12-15 жас, т.с.с.)
  4. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты, белсенді болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау;
  5. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Проза номинациясы (үздік әңгіме жазу) бойынша Қажығали Мұханбетқалиев атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Тарихи шығармалар ұсынылады;
  2. Сөздері нық, ойға қонымды етіп жеткізе білуі шарт
  3. Тарихи негізге бағытталған.
  4. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

Поэзия номинациясы (баллада жазу) бойынша Өтежан Нұрғалиев атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. «Өтежан-өлең. Оның тылсым табиғаты» танымдық зерттеу шығарма ұсынылады;
  2. Шығарма 10 парақтан кем болмауы тиіс;
  3. Шығарма Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығы, бұрын еш жерде жарияланбаған тың ақпараттық зерттеулер болуы шарт.

 

Драматургия номинациясы бойынша Бәкір Тәжібаев атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Автордың өлеңдеріне жазылған әндерді қамтитын, жастарға арналған мюзикл, сценарий (Б. Тәжібаев әндерін қамту шарт);
  2. Автордың бұрын еш жарияланбаған туындысы қабылданады.

 

 

Проза номинациясы (үздік әңгіме жазу) бойынша Өтебай Қанахин атындағы ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге, медаль және куәлік. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

  1. Детектив жанрындағы шытырман оқиғалы шығармалар ұсынылады;
  2. Қазіргі күн бедеріндегі қоғамның қалтарыс тұстары, шешімін күткен мәселелер төңірегінде құрылған шығармалар;
  3. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары қабылданады.

 

 

Әдеби шығармашылық байқауға келетін мәртебелі қонақтар:

 

Байқауға республика көлемінде танымал ақын - жазушылар қонақ ретінде шақырылады. Олардың жол шығыны, жатын орыны, тамағы ұйымдастырушылар тарапынан.

 

Ұйымдастырушылармен байланыс:

 

Қатысушылар түсінбеген сұрақтары мен ұсыныстар жөнінде төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады.

Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 8(7132) 23-10-29;

Ақтөбе қаласы, 11 мөлтек ауданы, құрылыс 112 «Е», 8(7132) 23-74-00, С.Бәйішев атындагы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы