Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткен V облыстық балалар мен жасөспірімдер хор музыкасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды.
Чемпионат өңірде бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл бұл сайыста 21 топ бақ сынады. Сайыс ережесіне сай әр топ 4 туынды орындады. "Елім ай" секілді елге танымал хор мектебінің жетекшілері қазылық ету үшін Алматыдан арнайы шақырылған.
Байқауға аудандардың және қаламыздың музыка, өнер мектептерінен үміткерлер қатысты. Қаламыздағы 5 музыка мектебінде және аудандарда хор үйірмелері жұмыс істеп тұр. Жекеменшік өнер мектептерінде де топтық вокал үйірмелері бар.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты көпшілікті Қазақстанның заманауи балалар хор музыкалық өнерімен таныстыру, хор музыкасының әртүрлі бағыттары мен ағымдарын танымал ету және таланттарды анықтауға арналды. Чемпионатта өнерпаздар А capellа, патриоттық сипаттағы, шетел композиторларының туындылары және қазіргі заманғы авторлардың туындылары бойынша өнер көрсетті.
ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
А категориясы бойынша:
ІІІ орын - Хромтау балалар музыка мектебінің үлкен хор ұжымы (Хромтау қ.)
ІІІ орын - №1 балалар музыка мектебінің «Друзья» хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
ІІІ орын - Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебінің хоры (Мәртөк ауд.)
ІІ орын - № 1 Балалар өнер мектебінің кіші хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
ІІ орын - Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің академиялық классика ансамблі (Ақтөбе қ.)
ІІ орын - Алға балалар музыка мектебінің хор ұжымы (Алға қ.)
ІІ орын - №3 балалар музыка мектебінің үлкен хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
І орын - Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің балалар хор ұжымы (Әйтеке би ауд.)
🖇️Бас жүлде № 1 Балалар өнер мектебінің аралас хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
В категориясы бойынша:
ІІІ орын - А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының «Таңшолпан» хоры (Ақтөбе қ.)
ІІІ орын - №9 орта мектеп гимназиясының хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
ІІІ орын - Елек орта мектебінің хор ұжымы (Қурайлы а.)
ІІІ орын - Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің «Сымбат» балалар хоры (Ақтөбе қ.)
ІІІ орын - №40 жалпы білім беретін орта мектебінің «Таңшолпан» балалар хоры (Ақтөбе қ.)
ІІ орын - №55 орта мектеп-гимназиясының «Шұғыла» хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
І орын - №50 орта мектебінің «Мизам» хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
С категориясы бойынша:
1ІІІ орын - «New voice» вокалдық студиясының хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
ІІ орын - Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Үлгілі Саз» балалар студиясы (Ақтөбе қ.)
🖇️Бас жүлде «Медиа про» продюсерлық орталығының балалар хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
D категориясы бойынша:
І орын - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің аралас хор ұжымы (Ақтөбе қ.)
Сонымен қатар:
«Үздік концертмейстер» номинациясының иегері – Ниязова Дина Аманғазықызы;
«Үздік жетекші» номинациясының иегері – Қадіров Қасымбек Нұрлыбекұлы. Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің балалар хор ұжымы (Әйтеке би ауд.)