Планетарий – XX-ғасырдың тамаша техникалық жетістігінің бірі. Германияның «Карл Цейс Йена» (Carl Zeiss Jena) кәсіпорнында, неміс өнертапқышы В.Бауэрсфэльдтің бастап құрастыруымен 100 жыл бұрын планетарийлер дәуірін ашқан «Модель-1» жұлдызды аспан проекторы шығарылып, көпшілікке 1923 жылы алғаш рет көрсетілді.
Жыл сайын наурыз айында, яғни ай фазасының бірінші ширегіне жақын уақытта Планетарийлердің кәсіби мерекесі – Халықаралық планетарийлер күні аталып өтіледі. Кеше осы мерекеге орай @aktobe_planet -те қала тұрғындары мен қонақтарына ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне 400- ден аса балалар мен ата-аналар келді. Келушілер телескоппен Ай, Шолпан ғаламшарын бақылады
Шара барысында:
Жаңа толық күмбезді танымдық бағдарламалар көрсетілді.
Планетарийдің оптикалық аппаратымен көктемгі шоқжұлдыздар таныстырылды. Фойеде планетарийлердің пайда болу тарихы туралы бұрыш қойылды. Қолданыста болған құрал-жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға арналған ғарыш тақырыбында танымдық ойындар ойнатылды.
Кешкілік телескоппен бақылау ұйымдастырылып, оған 50- ге жуық ата-ана мен балалар келді.