Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауовқа 70 жас

Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауовқа 70 жас

Ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жас мерейтойына арналған «АРДАГЕР АЗАМАТ, АРДАҚТЫ АҚЫН» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы А.Юнисқызы мерейтой иесін құттықтады. Ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Е.Ашықбаев, Қ.Жұбанов атын. АӨУ филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Асан, ҚР Жазушылар және Журналистері одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Ж.Айжан, білім саласының ардагері Қ.Бақтарбаев, өлкетанушы Б.Құлтаев, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі О.Кәметияұлы, ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, мәдениеттанушы ғалым Е.Әзи, №31 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі О.Идрисова естеліктерімен бөлісіп, өзіндік лебіздерін білдірді.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбе көпсалалы Тарлан колледж студенттері, №40 мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шараға облыстық кітапханалар қызметкерлері, гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

Есімі әдебиет пен жырсүйер қауымға белгілі, қазақ поэзиясында өз болмысымен орын алатын Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауовтың шығармашылығына арналған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты оқырмандарға кітап көрмесінің библиографиялық шолуы ұсынылды.