Биыл Кіші жүз ханы Әбілқайыр Мұқамбет Қазы Баһадүрдің 330 жылдығы

Биыл Кіші жүз ханы Әбілқайыр Мұқамбет Қазы Баһадүрдің 330 жылдығы

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен дара қолбасшы, саясаткер, батыр, Кіші жүз ханы Әбілқайыр Мұқамбет Қазы Баһадүрдің 330 жылдығына арналған «Әбілқайыр хан тарихының тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияға зум қосымшасы арқылы қосылған М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ, т.ғ. докторы, профессор, «Сарайшық-мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы” РМҚК директоры Ә.Мұхтар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, ф.ғ.к. А.Қ.Мектептегі, жазушы, «Бопай ханым» романының авторы М.Айымбетов, өлкетанушы Б.Б.Мырзабаев, сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, т.ғ.докторы, профессор Н.А.Абдоллаев, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, т.ғ.докторы, профессор, доцент, басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.А.Бекназаров, гуманитарлық ғылымдар магистрі Б.Б.Нұрмұхамедов XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының қаһарман батыры Әбілқайыр хан туралы жаңа ой-толғамдары мен тағылымды пікірлерін ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.


Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына «Азаттық таңы жолында» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Әбілқайыр ханның өмірдерегін сипаттайтын бейне сюжет көрсетілді.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері қатысты.