«Архившілер күні» атап өтілді

«Архившілер күні» атап өтілді

Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы, тарих жәдігерлерін сақтап отырған киелі орын.

Таңертең С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс әкімі Е.Тоқжановтың мәдениет және архив қызметкерлерімен кездесуінде архив саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, архив саласына еңбегі сіңген ардагер Қ.Мирманова және Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві директорының орынбасары С.Книжник, бөлім басшысы Ш.Мухтарова, Мұғалжар ауданының мемлекеттік архивінің архивист маманы Н.Джалимбетоваға архив саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбектері мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, архив ісін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төс белгісін табыстады.

Архившілерді мерекемен құттықтау шарасы түстен кейін облыстық мемлекеттік архив мекемесінде жалғасты. Шараға облыстық «Аманат» партиясының депутаттары, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері архив саласындағы жетістіктер мен құнды материалдардың тарихымен танысты. Шара барысында біршама әріптестеріміз Ақтөбе облысының мәслихат хатшысы А.Нұғмановтың атынан «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатымен» марапатталды. Әріптестеріміз бен ардагерлерімізді атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Архив саласын дамыту бағытында атқарып отырған абыройлы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!