UMAI ТҰҢҒЫШ ӨНЕР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

UMAI ТҰҢҒЫШ ӨНЕР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Астанада UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 5 айға созылған конкурсқа қатысу үшін 400-ден астам өтінім түсті. Сыйлық «Астана опера» театрының Үлкен сахнасында «Оскар» форматында табысталды.

UMAI сыйлығының салтанатты рәсімін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ашып, байқаудың барлық қатысушысын құттықтап, өнер саласының өкілдеріне үлкен шығармашылық жолда жаңа жетістіктер тіледі. Жалпы, 19 лауреат UMAI мүсіншесі мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

UMAI тұңғыш Ұлттық сыйлықтың иегері атанған "Алақай" облыстық қуыршақ театрының директоры Құрманалина Әсия Тажібекқызы «Спектакльдің үздік көркемдік безендірілуі» номинациясы бойынша “Бірігей қойылым үшін” ынталандыру жүлдесіне ие болды.
 Аталмыш номинацияға театр репертуарынан режиссер А.Зайцевтің, суретшісі А.Құрманалина “Ит/Собака” қойылымы ұсынылған болатын.

 Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония ұжымы - «Хореография өнері» номинациясы бойынша «Аққу» би ансамблі «Үздік би ұжымы» атанды. Сыйлыққа «Ене тәрбиесі» биі ұсынылған болатын. Көркемдік жетекшісі - Омар Мамбетов пен Гүлнара Мамбетова.

 Қос ұжымның теңдесі жоқ тамаша өнерімен құттықтай отырып, шығармашылық бақыт, толайым табыс тілейміз! UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлық тарихындағы есімдеріңіз алтын әріппен жазылары сөзсіз. Құттықтаймыз!