«KitapTime» республикалық фестивалі бастау алды!

«KitapTime» республикалық фестивалі бастау алды!

«Kitap Time» республикалық фестивалі биыл тұңғыш рет қолға алынып отыр. Тың жоба кітапсүйер қауымның, елімізге белгілі қаламгерлердің, қала тұрғындарының басын бір уақытта қосқан нағыз рухани жәрмеңкеге айналды. Астана қаласындағы Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен бүкіл республикалық тікелей эфир ұйымдастырылып, барлық облыстың бас кітапханалары бір уақытта шараның көрсетілімін онлайн да жүргізіп отырды.
“Мойындауымыз керек, қазіргідей жаһандану дәуірінде әсіресе жастардың бетін бірден кітапқа бұру оңай емес. Дегенмен осындай бірегей жобалар жеткіншектерімізді жаңа арнаға салуы тиіс. Бүгіннің өзінде еліміздің бірнеше қаласында қатар өтіп жатқан фестиваль болашақта дәстүрге айналады деп жоспарланып отыр” деді Мәдениет және Спорт Министрі Дәурен Абаев.

Фестиваль аясында Ақтөбе облысы бойынша 236  кітапхана түрлі көрмелер жасақтап, мәдени іс-шаралар ұйымдастырды. Шара таңертең 10.00. – 18.00. дейін жалғасты.