Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі өз мәресіне жетті

Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі өз мәресіне жетті

Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, “Балалар жылы” аясында ұйымдастырылған фестивальға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан және Қазақстаннан 14 өнер ұжымы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі алғаш 2004 Ақтөбе қаласының 135 жылдығы аясында тұсауын кесіп, екі жылда бір рет өтіп келеді. Фестиваль аясында ТМД, Еуропа елдерінен 63-тен астам өнер ұжымдары өнер көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталып келді. Биыл Ақтөбе облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен фестиваль қатысушыларына ақшалай жүлде табысталды.

Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі Ақтөбе облысының өнер мен мәдениет айдынындағы брендтік жобасына айналып отыр. Атап өтейік, биыл күрделі жөндеу жұмысынан кейін жұмысы жанданған «Алақай» қуыршақ театрының жаңа маусымы Халықаралық «Ассалаумағалейкум» VI фестивалімен ашылып отыр.

Жалпы жүлде қоры 1, 700 000 теңге.

Фестиваль қорытындысы бойынша:

“Ересектерге арналған үздік қойылым” - Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры - “Абай.Впечатление” қойылымы (400 000 тг);

“Балаларға арналған ең үздік қойылым” - Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры - “Асыл шөп” қойылымы (400 000 тг);

“Үздік сценографиялық концепсиясы” - Ақтөбе облыстық “Алақай” қуыршақ театры - “Собака” қойылымы (300 000 тг);

“Үздік актерлық ансамбль” - Ферғана облыстық қуыршақ театры - “Музыкальная чайхана” қойылымы (200 000 тг);

“Үздік актер” - Бегашев Ержан -Маңғыстау облыстық қуыршақ театры - “Земля предков” қойылымы (200 000 тг);

“Үздік актриса” - Толқын Өмірзақова - Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, “Асыл шөп” қойылымы (200 000 тг).

Қазылар алқасы:

  1. Қабдиева Сәния Дүйсенханқызы (Қазылар алқасының төрағасы) – өнертану кандитаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры. (IATC) Халықаралық театр сыншылары қауымдастығы Қазақстандық секциясының төрайымы. Алматы қ., Қазақстан.
  2. Бурман Давид Семёнович - ресейлік театр режиссері және продюсер. Ресей Федерациясы Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Санкт-Петербург қаласы әкімшілігі Мәдениет комитетінің мемлекеттік емес театрлар жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі. UNIMA, AVIAMA, ENCATC мүшесі. KUKART халықаралық фестивалінің президенті және директоры. Санкт-Петербург қ., Ресей.
  1. Парманов Бекпулат Саттарұлы – М.Горкий атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрының бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
  2. Давлетшина Дина Гатуевна - Театртанушы, театр сыншысы, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Уфа, Башқұртстан.