Ақтөбеде VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театр фестивалі басталды!

Ақтөбеде VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театр фестивалі басталды!

«Балалар жылы» аясында VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі 20-23 қыркүйек аралығында «Алақай» облыстық қуыршақ театрында өтуде.

 «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі алғаш 2004 Ақтөбе қаласының 135 жылдығы аясында тұсауын кесіп, екі жылда бір рет өтіп келеді. Фестиваль аясында ТМД, Еуропа елдерінен 63-тен астам өнер ұжымдары өнер көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталып келді. Биыл Ақтөбе облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен фестиваль қатысушыларына ақшалай жүлде қарастырылып отыр.

Жалпы жүлде қоры 1, 700 000 теңге.

Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі Ақтөбе облысының өнер мен мәдениет айдынындағы брендттік жобасына айналып отыр. Атап өтейік, биыл күрделі жөндеу жұмысынан кейін жұмысы жанданған «Алақай» қуыршақ театрының жаңа маусымы Халықаралық «Ассалаумағалейкум» VI фестивалімен ашылып отыр. Үздік шыққан қуыршақ театрлар қойылымдарын 20-23 – қыркүйек аралығында шетелден және өзге облыстардан келген 14 ұжым сахналайтын болады.