Өнер музейінде «Музей түні» өтті

Өнер музейінде «Музей түні» өтті

1 шілде күні Ақтөбе облыстық өнер музейінің туған күні қарсаңында, «Музейдегі түн - 2022» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

            Мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын музейлік құндылықтармен таныстыру, көпшіліктің музей жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.

«Музейдегі түн - 2022» мерекелік шараға сай жабдықталған облыстық Өнер музейі ғимаратында және сыртқы алаңында өткізілді.

Кіші залда Ақтөбе облысының киелі  жерлері бойынша «Бояулар: Ұлы дала ізімен» атты ақтөбе суретшілері пленэрінің І кезеңінің қорытынды көрмесі ашылды. Пленэр Ақтөбе облысы әкімдігі мен  Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының қолдауымен ақтөбелік суретшілер арасында ұйымдастырылды. Мақсаты: Облыстың киелі жерлерін суретшілердің картиналы арқылы суреттеп,  насихаттау  болды.

Пленэр  3-11 мамыр аралығында өтті. Суретшілер  Есет Көкіұлының кешеніне,   Есет-Дәрібай кесенесіне, Бөкенбай шоқысына, Жаманшың кратеріне, Ойсылқара қорымына, Қарғалы су қоймасына және Қасқыр сарқырамасына барып картиналар жазды. Плэнерге ҚР Суретшілер одағының мүшелері Ноғаев Қайрат, Қожагулов Манас, Русановский Вячеслав, Еспаев Айдар, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі Жапар Бақтыгерей, суретшілер Аралбаев Владимир, Ибраев Алимжан, Суюнов Ғалымжан және жас суретшілер Малдықұлов Мейрамбек, Русановский Валентин қатысты.

            Үлкен залда «Киіз үй» инсталляциясы орналастырылды. Инсталляция негізі – киіз үй. Себебі Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Ол жерде ортада орналасқан жасанды киіз үйде атаулы даталар ойылып жазылып, жарық арқылы жар бетіне түсіп тұрды.

            ІІ қабатта тұрақты көрмеміз Р.Мир-Хайдаровтың жеке топтамасынан құралған суретшілердің көрмесі  және «Балалар жылы» аясында фотосуретші Екатерина Узингердің жаңа туылған нәрестелердің фото суретінен құралған «Балалар-өмірдің гүлі» атты көрмесі өтті.  Конференц залда ПОП-Арт жанрының негізін салушы суретші Энди Уорхолдың деректі фильмі ұсынылды.

Музей алаңдарында ақтөбелік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде әртүрлі қолдан жасалған, тігілген бұйымдар, әшекей бұйымдары, тоқылған ойыншықтар қойылды.

Сонымен қатар, «Ашық микрофон» әншілер алаңында  жас гитаристтер мен жас ақындардың  әдеби кеші өтті. Гаухар Алимановадан жанды мумия және грек патшайымының мүсіндері халық назарына ұсынылды.