Алматыда ғалымдармен ғылыми кеңес өтті

Алматыда ғалымдармен ғылыми кеңес өтті

Алматы қаласында тарихшы ғалымдар мен реставратор, архитектор мамандардың қатысуымен Ақтөбе облысындағы Алмат тамы мавзолейі мен Досжан хазірет кешенінде жүргізілетін реставрация жұмыстарын талқылау, талдау және сараптау туралы ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыс аумағын кешенді түрде зерттеудің іс-шаралар жоспары үш бағытта жүзеге асырылып келеді. Бірінші бағыт - Ақтөбе облысындағы киелі жерлерді анықтау. Екінші бағыт - облыс аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми реставрация-консервациялау жұмыстарын жүргізу. Ал үшінші бағыт - Ақтөбе облысы аумағындағы киелі жерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу.

 Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында Алмат тамы мавзолейінің 7 күмбезі мен сыртқы бейнесін және ішкі орнаменттерін толықтай қайта қалпына келтіру ісі мен Досжан хазірет кешенінде жүргізілетін реставрация жұмыстары талқыланды.

Сондай-ақ, аталмыш жоба аясында атқарылатын киелі орындарды зерттеу мен нақты жобаларды атқаруда алдағы уақытта өз ісінің нағыз мамандары - тарихшы, археолог, этнограф ғалымдармен кеңесе отырып, кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.

Атап өту керек, киелі жерлердегі реставрация, безендірілу жұмыстарын атқаруда Алматы қаласына Ақтөбе өңірінен арнайы кеңесшілер тобы келіп, ғылыми кеңес құрып, көрнекті ғалымдардың ой-пікірімен санасу жағдайы - алғаш рет орын алғанын ғалымдар бірауыздан айтып, Ақтөбе облысы әкімдігіне ризашылықтарын білдірді. Киелі мекендердегі кешен, мавзолей болсын қайта қалпына келтіру, реставрация ісі болсын - ғалымдармен кеңесу ісі бүгін де тоқтап қалғанын тілге тиек етті.