«Ер Едіге» елімізді аралауға шықты!

«Ер Едіге» елімізді аралауға шықты!

Облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театр ұжымы Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен 24 маусым-5 шілде аралығында еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларына С.Нұржанның «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасымен гастрольдік іс-сапарына шықты.

Қазақ тарихындағы ең жарқын кезең Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған өр рухты батырдың ерлігін дәріптейтін тұңғыш қойылымның жанрлық, стильдік бағыты бөлек. Қойылымға Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының камералық хор ұжымы мен «Арайлы Ақтөбе» ұлттық аспаптар ансамблі де өнер көрсетеді.

26 маусым күні 18:00-де Қызылорда қаласының Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында;

28 маусым күні 19:00-де Шымкент қаласының Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында;

1 шілде күні 19:00-де Алматы қаласының М.Әуезов атындағы ұлттық драма театрында;

5 шілде күні 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» қойылады.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Ұлы дала есімдері» жобасы аясында ел қамын жеген Ер Едігенің есімін ұлықтап, ерлігін дәріптеу және насихаттау мақсатында Данияр Базарқұловтың режиссерлігімен сахналанған С.Нұржанның «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасын қалың көпшілікке ұсынады.

Барлық қалалар бойынша қойылымға КІРУ ТЕГІН.