Ақтөбеде Бейбіт Оралұлы атындағы «Елім менің» халықаралық ән байқауы өтті

Ақтөбеде Бейбіт Оралұлы атындағы «Елім менің» халықаралық ән байқауы өтті

10-11 маусым күндері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бағыттарының бірі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына және Ақтөбе облысының 90 жылдығына  орай  белгілі  композитор, «Құрмет» орденінің иегері Бейбіт Оралұлы атындағы «Елім менің» халықаралық ән байқауы өтті. Байқауға әлемнің 7 елінен келген талантты 26 үміткер Ақтөбедегі өнердің қара шаңырағы – «Өнер орталығында» сайысқа түсті.

  

           «Елім менің» ән байқауы Ақтөбе облысы әкімдігінің  қолдауымен 2011 жылы тұңғыш рет республикалық, ал 2015 жылдан бастап халықаралық дәрежеде  дәстүрлі  түрде, екі жылда бір рет өткізіліп  келеді.

 

           «Елім менің» байқауы Ақтөбе облысы әкімдігі, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Өнер орталығы» концерт залында өтеді. Іріктеу кезеңінде  Израиль, Армения, Болгария, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Казақстан, Қызылорда,  Абай, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Ұлытау облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал,  Семей, Атырау, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан 60 өтініш қабылданды.

           Ережеге сәйкес, сайыс қатысушылары 1-кезеңде композитор Бейбіт Оралұлының әнін, 2 кезеңде қалауы бойынша еркін тақырыптағы әнді орындады. Байқау жеңімпаздары «Music fest» жазғы ашық аспан астындағы концерттік жобаның ашылу сәтінде «Өнер орталығы» алаңында өнер көрсетті. Әділқазылар шешімімен, Гала концерт соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен дипломмен марапатталды. Бас жүлде ақтөбелік Азамат Бекбергеновке бұйырды.