Ақтөбеде Наурызбек жыраудың 90 жылдығына арналған байқау өтті

Ақтөбеде Наурызбек жыраудың 90 жылдығына арналған байқау өтті


Биыл Наурызбек Нұржаубайұлы Раманқұловқа  90 жыл толып отыр. Осыған орай, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  «Толғау да толғау сөздер бар» атты облыстық жыршылар байқауы өтті.  

Байқаудың шымылдығы Наурызбек жыршының толғау-термелері жинақталған кітабының тұсаукесерімен ашылды. Байқаудың құрметті қонағы  Наурызбек жыраудың ұлы Абай Раманқұлов пен маңғыстаулық жыршы Амангелді Сәңкібаевтар байқау қатысушыларына қазылық етті.

Байқау қатысушылары  Наурызбек жыраудың, сондай-ақ Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың терме-толғауларынан үзінділер орындады.  14 жыршының ішінен жарып шыққан талабы таудай 16 жастағы Жанерке Құттығай бас жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, байқаудың 1,2,3 жүлде иегерлері мен байқау қатысушылары арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.