“Ер Төстік” қойылымының премьерасы өтті!

“Ер Төстік” қойылымының премьерасы өтті!

1 маусым “Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай және “Балалар жылы” аясында “Алақай” қуыршақ театрының сахнасында қазақ халық ертегісі желісімен сахналанған “Ер Төстік” қойылымының премьерасы өтті.

“Ер Төстік” қазақ халқының батырлық туралы қиял-ғажайып ертегілерінің бірі. Осы ертегі желісімен сахналанған қойылымда Ер Төстік әкесі Ерназардың еліне жұт туғызып, сегіз ағасын тұтқынға түсірген зұлым күш иесі Айдаһар мен оның көмекшісі Жалмауыз кемпірді жеңеді. Оларды жеңу жолында қиындықтар мен кедергілерді бағындырады.
“Ер Төстік” қойылымы балалар бойына махаббат, ізгілік секілді маңызды құндылықтарды сіңіруге септеседі.

Режисері: Райымгул Хабибуллина
Суретшісі: Айтілеу Мамырбаев, Дана Ержанова
Композиторы: Серік Зәкәрия