Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Мәдениетім-мерейім» мерекелік шарасы өтті

Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Мәдениетім-мерейім»  мерекелік шарасы өтті

 

         24 мамыр күні Мәдениет қызметкерлері күніне орай Ақтөбе облысы  әкімінің  орынбасары Б.Елеусінованың қатысуымен салтанатты шара өтті. Шараның басты мақсаты мәртебелі мамандық иелерінің осы салада адал қызмет етіп, олардың көрсеткен нәтижесі мен елеулі еңбектерін бағалау.

         Жылдың жақсы жаңалығы – өңірімізге танымал Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Ермекбаев Әли Ақбергенұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.

         Шара барысында ұлт игілігі үшін тер төгіп келе жатқан Мәдениет және өнер қызметкерлері:

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі;

- ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен;

- Облыс әкімінің;

- Облыс әкімі орынбасарының;

- Облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысының Алғыс хатымен  марапатталды.    

         Өңір мәдениетін, кәсіби өнерін, ұлттық тарихи мәдени мұрасын  дамыту мен нығайтуда облыс тұрғындарына бүгін де барлығы - 481, оның ішінде 472 мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Олар: 236 кітапхана, 194 клубтық мекеме, 18 музей, 2 мемориалдық кешен, 2 саябақ, 2 театр,  филармония  және тағы басқа мекемелер. Саладағы  мәдениет қызметкерлерінің жалпы саны 3174,0 штаттық бірлікті құрайды.