9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

9 мамыр  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Тұңғыш Президент атындағы мәдени-демалыс саябағында мерекелік концерт өтті.

Концерттік шарада ҚР Ұлттық Ұланы 6655 әскери бөлімінің оркестрі, Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері институтының әскери оркестрі, қалалық мәдениет Үйі эстрадалық-үрлемелі оркестрі соғыс жылдарындағы әскери марштарды, патриоттық соғыс әуендерін орындады.

Сондай-ақ, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының камералық оркестрі мен филармония әншілері өнер көрсетті.

Биыл Жеңіске 77 жыл толып отыр.  Облыс бойынша соғыс майдангерлері 8, ал қала бойынша 5 соғыс ардагерінің көзі тірі. Соғыс жылдары Ақтөбе әскери комиссариаты арқылы 123 423 адам шақырылып, оның ішінде 36 192 жауынгер соғыс даласында қаза тапты.