"Ер - елінің қорғаны" атты салтанатты шара өтті

"Ер - елінің қорғаны" атты салтанатты шара өтті

"Өнер орталығы"  залында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ер - елінің қорғаны" атты салтанатты шара өтті.

                Шараның мақсаты: Ұрпақтың үнін, намысын, бақытын қорғайтын  Отанымыздың айбынды қырандары, жүрегі Отаным деп соққан ел айбындары - ер-азаматтарды құттықтау, еліне адал қызмет етіп жүрген ел қорғандарына құрмет көрсету, марапаттау.

                Шарада облыс басшысы О.Оразалин ел іргесі, халық қорғаны Отан қорғаушы барша азаматтарды айтулы мерекемен құттықтап сөз сөйледі, қорғаныс саласында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлерді  марапаттады.

Шарада Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның камералық оркестрі, камералық хор ұжымы, филармония әншілері, 6655 әскери оркестрі, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери оркестрі, "Жасұлан"  үрлемелі аспаптар оркестрі, қалалық эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі -  әскери марштар орындады, патриоттық әуендер шырқады. Жаңақоныс орта мектеп лицейінің «Сымбат» балалар хоры жас сарбаздардың рухын көтеретін әндер тарту етті.

Мерекелік концерт - өңірімізге әйгілі күйші Жайлау Асылхановтың «Асау барақ» күйіне, тарихты тереңнен толғайтын концерттің құрметті  қонағы жыршы-термеші Айгүл Елшібаеваның жырына ұласты. Сан салалы музыкалық жанрды қамтыған мерекелік концерт көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.