«Ерлікке тағзым күні» гүл қою рәсімі өтті

«Ерлікке тағзым күні» гүл қою рәсімі өтті

7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ұлы Жеңіс күнін күнін тойлауға арналған тұжырымдама негізінде 6 мамыр – «Ерлікке тағзым күні» деп белгіленді. Осыған орай, қала аумағында орналасқан отан қорғаған тарихи тұлғалар мен тақырыптық 43 ескерткішке гүл  шоғын қою рәсімі өткізілді. Шара ұйымдастырушылары Ақтөбе облыстық мәдениет және құжаттама, архивтер басқармасына қарасты мекемелер мен білім басқармасы.

6 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешені, Батырлар аллеясы, Ағайынды Жұбановтар мен Әлия Молдағұлова даңғылының қиылысында орналасқан Батырлар аллеясында, 312 атқыштар бригадасы дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш-косманавт В.И.Пацаевтың  ескерткіш-мүсіні, Абай Құнанбаев ескерткіші, «Ер Едіге» ескерткіші, Шәмші Қалдаяқовтың пен Төлеген Айбергеновтың ескерткіш-мүсіні,  «Тілеу батыр» т.б. ескерткіштер жанында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шарада есімі ел есіндегі ұлы тұлғалардың өлеңдері оқылды, жырларынан үзінділер айтылды, патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық мекеме мамандары, ардагерлер кеңесі мүшелері мен ЖОО студенттері, мектеп оқушылары салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғалардың рухына тағзым етті. Облыстық кітапхана ұжымдары ерлік тақырыбында танымдық кітап көрмелерін ұйымдастырды.