«Ақтөбе – алтын бесігім» жобасы бастау алды

«Ақтөбе – алтын бесігім» жобасы  бастау алды

1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінен бастау алған  Ақтөбе облысының 90 жылдығы аясында «Ақтөбе – алтын бесігім» атты мәдени жобасы қаламыздың 14 алаңында  өтетін болады.  Олар: «Абай даңғылы», Қалалық мәдениет үйі алаңы, «Сулы жасыл бульварь», «Әдебиет алаңы», «Қобыланды батыр» атындағы орталық  стадион, «Денсаулық саябағы», «Кереев» көшесіндегі алаң, «Әлия Молдағұлова» монументі, «Нұр Ақтөбе» алаңы, «Авиатор» саябағы, Кеңес Нокин, Сазды, Қурайлы мәдениет Үйлері, «Жаңақоныс» алаңдарында мерекелік ойын-сауық шаралары жаз бойы әр жұма, сенбі күндері болады.

30 сәуір – 1 мамыр күндері қаламыздың 14 алаңында Ақтөһбе облыстық мәдениет және құжаттама, архивтер басқармасына қарасты барлық ұжымдар қала тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұсынады.  Алаңдарда ұлттық қолөнер көрмелері мен облыстық кітапхана ұжымдары кітап көрмелерін ұйымдастырады, спорттық ойындар ойнатылады.

Мерекелік ойын-сауық шаралары жаз бойы – маусым, шілде, тамыз айларында жалғасатын болады.